Тоқаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаны кері қайтаруды қатаң тапсырды

Oinet.kz 08-02-2022 1663

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетіне Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаларды қайтару жоспарын әзірлеу үшін екі ай уақыт берді.

Screenshot_12.jpg

"Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаражат пен онда сатып алынған активтерді елге қайтаруға қатысты ұсыныстар беру тапсырылады", - деді Тоқаев. 

Еске сала кетсек, "Tax Justice network" халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған, бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең.

Енді директор қабылдамайды: Білім министрі мұғалімдерге қатысты маңызды жаңалықпен бөлісті
Тоқаев Қазақстандағы жемқорлықты жоюға шындап кірісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу