«Алматы қаласын әйел адам басқару керек» - Митингке шыққандар

Oinet.kz 05-02-2022 4372

Бүгін, 5 ақпан күні, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңға жүзден астам адам жиналып, жаңа сайланған әкім Ерболат Досаевтың кетуін талап етті. Сондай-ақ шерушілердің басты мәселесі – "Алматы қаласы тұрғындарының өз әкімін сайлауға құқығы бар". 

Screenshot_4.jpg

Сенбі күні өткен митингтің басы қаңтар оқиғалары кезінде құрбан болған жандарды еске алумен басталды. Марқұмдардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.

"Саяси шешімдерді қабылдағанда үкімет бірінші кезекте олигархтардың мүддесін қорғайды", – деді жиналған халық алдында сөз алған ҚР бұрынғы инвестициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаев.

Халық алдына шыққан "Феминита" бастамашыл тобының белсенділері Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан “Алматының жаңа әкімі әйел адам болу қажет!” – деген талап қойды.

“Егер қаланы, сондай-ақ мемлекетті әйел адам басқарғанда мұндай қанды оқиғалар болмайтын еді”, – деді олар.

Митинг өткен Шевченко көшесі екі жағынан жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Халықты полиция сырттан бақылап тұрды. Айналада жедел жәрдем көліктері мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бірнеше қызметкері болды.

Қайрат Дәлбеков түркістандықтармен жылы қоштасты
Кәрім Мәсімовтың тағы бір бұрынғы орынбасары қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу