Ерлан Қошанов мәжіліс депутаттарына мүлде көңілі толмады
Мәжілістің су жаңа төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарды «сұрақтарыңыз тым сыпайы екен» деп көңілі толмай мақтамен бауыздады.
Ол Ауыл шаруашылығы министрінің өзі дәл алдарына келіп тұрса да, оған ешбір депутат саладағы тамырын тереңге жайған сыбайлас жемқорлық туралы өткір сұрақ қоймады деп көңілі толмады.
«Бұл – жылдардан келе жатқан жемқорлық, әсіресе субсидияға байланысты. Неліктен? Себебі жергілікті жерлердегі лауазымды тұлғалардың қолы таза емес және біздің заңдар оған тосқауыл болуға жеткіліксіз. Сол бойынша депутатар тарапынан ауыл шаруашылығы министрлігіне сұрақ бола ма деп едім… өкінішке қарай болмады. Сонымен ұсыныс мынау: қаралып жатқан заң жобасына жемқорлыққа тосқауыл болатын қандай өзгеріс енгізу керек? Министрлікпен бірлесіп шешім қабылдасаңыздар», – деді төраға.