Алматының жаңа әкімі алғашқы жұмыс күнінен-ақ мінез көрсетті

Oinet.kz 03-02-2022 2759

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмысқа кірісе сала алғашқы күннен мінез көрсетті. Ол қаладағы құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Screenshot_1.jpg

Алматы әкімдігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасына сәйкес, қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым бар екенін хабарлады.

«Қолданыстағы заңнама мен Мемлекет басшысының тапсырмасын бұзып жатқан заңсыз әрекеттер анықталып отыр. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін белгілі нысандарда (19 учаске), оның ішінде Самал-3 ықшам ауданы мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 31 қаңтардан бастап Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

«Әбдірахымов қайтып келеді»: Шымкенттің келесі әкімі кім?
Ерлан Қошанов мәжіліс депутаттарына мүлде көңілі толмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу