«Арсыз жол»: Мәди Ахмет қатты ашуланып сотқа беретінін айтты

Oinet.kz 26-01-2022 11345

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахмет өзіне жала жапқандар туралы айтты. Ол Алматы қаласындағы бір көшенің атын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атымен атауды ұсынбағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_13.jpg

"Достар, соңғы күндері әлеуметтік желіде “өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай” қылып, айтпағанды айтқызып, маған қатысты жалған ақпаратты таратып жатқандар бар.

Арсыз жолмен лайк қуып, хайп іздеп, өзгеге хейт жасап, подписчик жинап, пікір көбейтіп жүргендердің бірде-бір сөзі шындыққа жанаспайды❗️

Әр нәрсенің жөні бар, басынып, шеттен шығудың қажеті жоқ❗️

Ардақты ағайын, ақпараттың рас-өтірігін анықтап, ресми ақпаратқа сеніп, фейкке ермеуді сұраймын.

Screenshot_14.jpg

‼️ЕСКЕРТУ‼️

Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК (58 400 тг) сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген", - деп жазды депутат.

«Утильсбор» бастығы ұсталды
«Қазақстан 10820 жылдан кейін дамиды» деген шенеунік неге екенін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу