Мәди Ахмет еліміздегі жастарды уайымдап шырылдап жүр
Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов жастардың мәселесін көтеріп шырылдап жүр. Ол жастардың есірткіге тәуелді болып бара жатқанына уайымдайды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Бүгін мәжілістің пленарлық отырысында жастарымызды азғырып, болашағын ойран еткен синтетикалық есірткі мәселесіне қатысты үкіметке сауал жолдадым.
Осыдан он шақты жыл бұрын «спайс, снюстан» басталған, кейіннен «меф, кристалл, скорость, соль» деген түрлі атау жамылған, сананы улаған синтетика жас ұрақтың өмірін азапқа айналдыруда. Соңғы үш жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастардың саны 2,5 есеге өскен. Оған қоса синтетиканың 90 пайызы әлеуметтік желілер арқылы таралуда.
Сонымен қатар, “курьер, закладчик” ретінде жасөспірімдерді жұмысқа тарту жиілеп барады, олар өздерін заманауи тілмен «кладмен, минер» деп атайды. Бұл кесел әр отбасының қасіретіне айналуы мүмкін, одан ешкім сақталмаған. Нашақорлық бай-кедейге, жас-кәріге бөліндейді. Сол себепті үкімет шұғыл шара қолдануы қажет!" - деді Мәди Ахметов.