Тоқаев Дариға Назарбаеваның құдасын қызметтен босатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымында атқарған көп жылғы жемісті еңбегі үшін Берік Имашевқа алғыс білдірді, – деп жазды Берік Уәли.
Еске сала кетейік, Берік Имашев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның құдасы.