Гүлзира Айдарбекова болашақ келініне сырға салды

Oinet.kz 14-03-2022 3212

Айдарбековтер әулетінде дүбірлі той. Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер кенже ұлдары Заңғардың қалыңдығына құда түсіп, сырға салды.

Screenshot_3.jpg

Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында құдалықтың қалай өтіп жатқанын көрсетті. Онда Нұртас әулеті жаңа құдалардың босағасын аттап, салт бойынша, болашақ келінге сырға тақты. Көпшілік болашақ келінді енесі Гүлзира Айдарбековаға ұқсатты.

Сондай-ақ Заңғар Нұртас өз парақшасында күйеу жігіт атанғанын ресми түрде хабарлады. Ол қалыңдығына ұсыныс жасаған сәттің видеосын жариялады.

Құдалық кезінде сөз сөйлеген Нұртас Айдарбеков екі жастың арасында түсініспеушілік болған жағдайда келіннің сөзін сөйлейтінін бірден ескертті. 

"Соғыс басталып кеткен жағдайда, мен келіндердің жағына шығамын. Осыны есіңде ұста, балам. Мен сені жақсы көремін", – деп жиылған жұртты бір күлдірді Нұртас мырза. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

Шымкентте жаңа туған баласын көшеге тастап кеткен ана табылды
Гүлзира Айдарбекова құдағиына 3,5 миллионның тонын кигізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу