Тоқаев «Самұрық-Қазынаның» көзін қандай жағдайда құртатытын айтты

Oinet.kz 21-01-2022 1197

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық кәсіпкерлермен кездесуінде "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлескенін айтты. Президент қор реформаланбаса оның төрағасы қормен бірге кететінін жеткізді.

Screenshot_2.jpg

Президент «Самұрық-Қазына» қорын реформалаудың перспективасына баса мән берді.

– Қазір Қор – өте үлкен құрылым. Жабықтық, «саяси маңызы бар адамдарды» тағайындау, сатып алулардың тиімсіздігі, еңбек қатынастарындағы дау-дамай, ауқымды жобалардың аяқсыз қалуы және тиімсіздігі, компанияны ұстап тұру шығындары  – бұлардың бәрі қоғамның наразылығын тудырып отырған мәселелер. Күні бүгінге дейін мұнайхимия саласын қалыптастыра алмадық. Кеңес дәуірінде салынған зауыттарды қайта жөндеумен келеміз. Директорлар Кеңесі рөлі мен тәуелсіз директорлардың қатысуы көп жағдайда ештеңе шешпейді. Қорды түбегейлі реформалау міндетін жүктеймін. Бұл мәселе бойынша Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлестім. Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, Қор да бірге кетеді, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы жаңа салық саясаты қажеттігін айтты
Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің артында кім тұрғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу