Мұхтар Тайжан: «Қазақстан халқына» қорына ақша аудармаймын

Oinet.kz 18-01-2022 2789

11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын. Бұл қор денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысады. Қор құрылған күннен бастап оған кәсіпкерлер жан-жақтан қаржы аудара бастады.

Screenshot_4.jpg

Ал қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан қорға ақша аудармайтынын айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Қазақстан халқына" деген қорға өз басым ақша аудармаймын. Бүгінге дейін үнемі қолым жеткенше қарапайым халыққа қайырымдылық көрсетіп жүрдім. Әлі де көрсетем, бірақ тікелей, бұл қор арқылы емес. 

Ал енді нақты бұл қорға тек қана олигархтар миллиардтап ақша құйсін. Президенттің өзі де солай деді. Сол дұрыс" - деді Мұхтар Тайжан.

Назарбаев: Тоқаевтың арқасында ел іргесі сөгілген жоқ
Мұхамеджан Тазабеков Қасым-Жомарт Тоқаевты үйдің еркегіне теңеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу