Назарбаев: Тоқаевтың арқасында ел іргесі сөгілген жоқ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылы алғаш рет ел алдына шығып, видеоүндеу жолдады. Елбасы соңғы қайғылы жағдайларға байланысты халыққа көңіл айтып, видеоүндеу жолдады.
"2022 жыл халқымыз үшін күрделі де қатерлі сынақтан басталды. Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террористік шабуыл жасады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ. Мемлекет басшысын қолдау – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ендігі кезекте осы оқиғадан сабақ алып, мұндай бассыздыққа жол бермеуге тиіспіз", - деді Елбасы.