Алла Палестинаға сабыр бер!

Oinet.kz 20-05-2021 1608

Израиль Палестина қақтығысы Ислам әріптестігі ұйымның мүшелерімен талқыланды. Аталған ұйымға 57 мемлекет кіреді. Жиында Палестинаның сыртқы істер министрі Рияд Малки Израильдің әрекетін қатаң сынады. 

Screenshot_6.jpg

-Біз Аллаға ақырына дейін күресетінімізді айтамыз,-деді министр. Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу:

-Израиль жуырда Шығыс Иерусалимде, Газа секторында болған жағдайлар үшін жауап береді,-деді. Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Израилді адамзатқа қарсы геноцид жасады деп айыптады. Газа секторында қаза тапқандардың саны күн санап көбейіп келеді. Бір ғана жексенбідегі шабуылдардың нәтижесінде 19 палестиналық қаза тапты. Олардың ең жасы 1-де. 

Палестинаның азаттығы үшін күресіп жатқан, көптеген елдер террорлық ұйым ретінде таныған ХАМАС қозғалысының жетекшілері  Израильге бірнеше талаптар қойды. Алайда бұл талаптарды Израиль жағы қабылдаған жоқ. ХАМАС енді қақтығысты жуық арада тоқтатпайтындығын мәлім етті. 

Қырғыздар тәжік ауылдарын ойрандауға көшті
Тәжікстан Президенті Тоқаевты шабдалы, өрікпен күтіп жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу