Білім министрі не үшін жекеменшік университеттерді жабу керектігін түсіндірді

Oinet.kz 29-01-2021 3260

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында не үшін кейбір жекеменшік университтерді жабу керектігін түсіндірді. Оның айтуынша, университетке келмейтін студенттерге диплом таратумен айналысқан деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_11.jpg

- Біз талдау жүргіздік. Зерттеу барысында жекеменшік жоғары оқу орнындағы студенттердің көбісінің жасы 30-дан асқан. Және студенттердің 1 курстан бастап 4 курсты бітіргенше зейнетақы қорына қаржы түсіп тұрған. Бұл студенттердің университетке құжат тапсырып қойып, университетке бармай жұмыс істеп жүргенін білдіреді, - дейді Асхат Аймағамбетов. Осының салдарынан оқуға бармаған білімсіз студент жоғары білімді растайтын диплом алып шығады.

Асхат Аймағамбетов басты мақсаты - жекеменшік жоғары орындарын жабу емес, білім сапасын арттыру екенін айтты.

Фахриддин Қаратаев: Келісіп пішкен тон келте болмас (ипподром дауы жөнінде)
Ермек Тұрсынов Елбасы туралы фильм түсірген Сатаевты сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу