Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Заңды байқамай қолдап жібергенін мойындады
OINET.KZ - Бүгінде әлеуметтік желілерде "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы қызу талқыланып жатыр. Бұл заң бойынша, отбасында балаға зорлық-зомбылық көрсеткен ата-ана заңмен жазаланады. Әзірге бұл әлі жоба. Қабылданған жоқ. Дегенмен осы жобаны кім ұсынды?
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 31 арнаға берген сұхбатында бұл заңды атүсті қолдап жібергенін айтып мойындады.
- Ауырып тұрған соң бұл нәрсеге үңіле алмай қалып бірінші оқылымда біздің өзіміз қолдап жібердік. Ал негізі бұған қарсымын, - деп жауап берді Бекболат Тілеухан.