Сағынтаев шоу өткізген жоқ

Oinet.kz 11-12-2020 987

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев елорда күнінде 63 миллион теңгенің жарық шоуын өткізгені туралы ақпаратқа түсінік берді. 

Бақытжан Сағынтаев.jpg

"Шоу да, отшашу да болған жоқ. Мұның бәрі бастапқыда жоспарланып, алдын ала дайындалған еді. Бірақ пандемия болатынын ешкім білген жоқ қой. Біз қазір де Еуропаның көп елінде жарық шоулары болып жатқанын көріп жүрміз, Ресейде де. Пандемия мәңгіге болмайтын шығар. Сондықтан туристердің назарын аударатын, қалалықтарға да өте қызық осындай шараларды біз елорда күніне орай ғана көрсетеміз деп ойлаған жоқпыз ғой. Жыл бойында бізде мереке көп, әр мерекеде туристерге де, қалалықтарға да қызық болатын осы шоуды көрсетеміз. Сондықтан бұл бірреттік шара емес, үнемі көрсетіледі", - деді әкім.

Әкім әлеуметтік желілерде пайда болған жарық шоуына қатысты роликтің монтаждалып жасалғанын мәлім етті. Ол желіге жарық шоуына қандай болатынын көрсету үшін жүктелген екен.

Естеріңізде болса елорда күнінде Нұр-Сұлтан қаласында отшашу берілді. Алайда отшашу халықты қуантқан жоқ, керісінше налытты. Себебі дәл сол кезде Қазақстанды белгісіз өкпе дерті меңдеп, науқастар дәріханадан дәрі, ауруханадан орын таппай сандалып жүрген еді.  Артынша елорданың әкімдігі отшашу індетпен күресіп жүрген дәрігерлерді қолдау үшін берілгенін және оған   бюджеттен ешқандай қаржының бөлінбегенін мәлімдеген болатын. 

Сайлауға дайындық тиісті деңгейде емес
Вячеслав Никонов: Қазақстанның кең байтақ жері - Ресейдің қазақтарға сыйлығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу