Вячеслав Никонов: Қазақстанның кең байтақ жері - Ресейдің қазақтарға сыйлығы

Oinet.kz 12-12-2020 1694

«Қазақстанның жері – бұл Ресей тарапынан жасалған сыйлық», - дейді Ресей мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Никонов. Никонов бұл сөздерін ресейлік «Бірінші арнада» өткен «Үлкен ойын» бағдарламасында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Орыс депутаты.jpg

«Қазақстан деген жер мүлде болмаған. Қазіргі солтүстік аймағында адам тұрмаған. Халықтың басым бөлігі оңтүстік жақтарда ғана болған. Қазақстанның қазіргі жері Кеңес одағы мен Ресейдің жасаған сыйлығы»,-деді В.Никонов. сонымен қатар ол Ресей барлық елді жаулап алған дегенмен келіспейтінін білдірді.  

«Ресейдің Белорусьты жаулап алғаны есімді жоқ. Иә, поляктардан бірен-саран жерді алғаны бар. Шығыс Украинаны Түркиядан тартып алды. Бірақ неге мұны жаулап алды дейтіндерін түсінбеймін. Грузияны ешкім жаулап алған жоқ. Грузиндер түріктерден армяндар секілді өздері қашып келді»,-дейді дума депутаты.

Ресейлік шенеуніктің мұндай сөздеріне Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мән бермейтін сияқты. ҚазТАГ агенттігінің сенімді ақпарат көзі ведосмтво тарапы «Ресейдің мемлекеттік думасының әлдебір депутаты айта салған сөзіне»  түсінік беруді жөн санамайтынын білдіріпті.   

Фото ашық дереккөзден алынды.

Сағынтаев шоу өткізген жоқ
Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақ жері туралы айтқан орыс депутатына жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу