Ресей халқы жыл сайын 1 миллион адамға азаюда

Oinet.kz 19-03-2019 935

Screenshot_4.jpg

Мұны Мәскеудегі Экономикалық болжамдар институтының маманы Андрей Коровкин мәлімдеді. Оның  айтуынша, соңғы онжылдықта ресейліктердің қатары жылына 0,5 пайызға азайып отырған.

Сайланған президент Владимир Путин тұрғындар санын 154 миллионға жеткізу жоспарын жариялап, екінші баланы дүниеге әкелген отбасыларға 10 мың доллар төлеп отыр. Алайда, кейбір демографтардың пікірінше, бұл шара, әсіресе, Сібір мен Қиыр Шығыста халық санын көбейтуге жеткіліксіз. Өзге бір мамандардың ойынша, демографиялық  проблеманы ортаазиялық мигранттардың есебінен шешуге болады. Дегенмен, гастарбайтерлердің кәсіби біліктілігі мен сауаттылық деңгейі көпшіліктің көңілінен шығып отырған жоқ.

Мұрағаттан, 03.05.2012 ж

Енді жасы кіші студент жасы үлкен студентке сәлем беруі керек
Болатбек Әлиев: «Жұмыс істемеген адам ғана қателеспейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу