Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға сапарламақ

Oinet.kz 12-04-2019 744

Screenshot_4.jpg

14-15 сәуір күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады деп хабарлайды Ақорда.

"Келіссөздер барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды. 

Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады",-делінген хабарламада.

Нұрғали Әшімов: Оңтүстікке қандай басшы келсе де жергілікті халық өз талабын қоя алады
«Маған мұндай насихат қажет емес»: Тоқаев өз суреті бар билбордтың артық екенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу