Тоқаев: «Оралман» деген сөзге қарсымын
"Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз". Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында осылай деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "оралман" сөзіне қарсы екенін жеткізді.