Киев әуежайында қызды құтқарған азамат Ұлттық гвардия қызметкері болып шықты
Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарған Алексей Кудиенко әскери қызметкер болып шықты. Бұл ақпарат Facebook желісіндегі Ұлттық гвардия парақшасында жарияланды.
Алексей Кудиенко Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның 6506-әскери бөлімінде қызмет атқаруда. Ол "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы байланыс аппаратурасын жөндеу жөніндегі аймақтық орталықтың техник лауазымында жұмыс істейді.
35 жастағы азамат Шымкентте тұрады. Үйленген, екі баласы бар.
Айта кетейік, қазақстандық азамат Киев әуежайында кішкентай қызды құтқарып қалды. Қазақстандық азамат Киев әуежайында кішкентай қызды өлімнен құтқарып қалды. Тынысы тарылып, жағдайы нашарлаған балақайға дәрігерлер келгенше алғашқы көмекті шымкенттік Алексей Кудиенко көрсеткен.