Асқар АҚАЕВ: Атамбаев сотталады

Oinet.kz 23-03-2019 1143

2AE843D9-5A11-451C-80AD-C203918B2D60_w800_h450.jpg

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ақылды саясаткер деуге болмайды. Себебі ол Қырғызстанда өткен соңғы сайлауында Сооронбай Жээнбековтың кандидатурасын қолдады. Жээнбеков бастаған ісімді ары қарай жалғастырады деп сенді. Алайда сайлаудан кейін Жээнбеков пен Атамбаев көзқарастарында, ұстанымдарында жер мен көктей айырмашылықтың бары белгілі болды. Осыдан кейін Атамбаевты ақымақ десеңіз де жарасады. ...Жээнбеков түбі Атамбаевты соттатып тынады.

Қырғызстанның бұрынғы президенті, осыдан 14 жыл бұрын президенттік тақтан өз еркімен бас тартып, содан бері Ресейде ғылыммен шұғылданып жүрген Асқар Ақаев «Московский комсомолец» басылымына сұхбат беріпті. Осы сұхбаттың маңызды, қызықты деген жерлеріне тоқталғанды жөн санап отырмыз.

«Қазіргі уақытта посткеңестік елдердің біразында бұрынғы президенттер сотталып жатыр. Украинаның, Грузияның, Армения мен Қырғызстанның бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істер қозғалды. Виктор Янукевичке опасыздық, Роберт Кочерянға сатқындық жасалды, Саакашвили мен Бакиевке адам өлтірді деген айыптар тағылды. Бұл немен байланысты?» -деген журналистің сауалына А.Ақаев былай деп жауап беріпті:

Мұның бәрі де заңды нәрсе. Посткеңестік елдерде демократиялық процестер жүріп жатыр. Бұл мемлекеттердің бәрінде президенттік билік бар, бірақ биліктің бөлінісі әділ емес. Президенттің қолындағы билік шексіз. Сол себепті ол Парламентке де, Үкіметке де, соттарға да ықпал етеді. Ал шексіз билік бәрібір заңсыздықа жол ашады. Менің өзім де осы жолмен жүрдім. 2005 жылы өз еркіммен отставкіге кеттім. Елдің келесі президенті Құрманбек Бакиев менің саяси қарсыластарым бас прокурор Алмазбек Бекназаров пен бірінші вице-премьер Данияр Үсенов жетекшілік ететін комиссия құрды. Комиссия менің Конституцияны бұзғанымды, мемлекеттің ақшасын ұрлағанымды анықтауы тиіс болды. Менің шетелдегі жасырын шоттарымды іздеді. Оны табу үшін 1 миллион долларға шетелден із кесуші жалдады. Олар бір жыл бойы ештеңе таба алмады. Менің халықтың алдындағы арым таза. 14 жыл бұрын отставкіге кеткелі мен Қырғызстанның ішкі, сыртқы саясатына араласқаным жоқ.

– Сонда сізге қазір тағылған ешқандай айып жоқ қой?

– Ресми түрде менің үстімнен қозғалған қылмыстық істердің бәрі 12 жыл бұрын жабылған. Қарсыластарым мені қаралау үшін ешқандай дәлел таппады. Дегенмен ара-тұра ақпарат құралдарында менің атыма айыптаулар айтылып қалады. Шамасы менің бұрынғы қызметіме қайтып оралғаным, бақытты екендігім біреулерге ұнамайтын сияқты. Олар өздерін жеңімпазбыз деп есептейтін шығар. Бірақ олар бақытсыз, өйткені биліктен баяғыда қуылған.

Ақаевтың ойынша, Жээнбеков өткен сайлауда ең лайықты кандидат болған. Атамбаев Жээнбековті қуыршаққа айналдырып, билікке өзінің ықпалын жүргізе беремін деп ойлаған. Бірақ Жээнбеков экс-президенттің ықпалына түспеген.

«Қалай ойлайсыз, Атамбаевтың Бішкектегі жылу орталығын жаңғырту жұмыстарына бөлінген қаржыны талан-таражға салуға қатысы бар ма? Ол да соттың алдына келе ме?» - деген сауалға Ақаев «Мен бұған толық сенімдімін. Қазір айыпталушының орынтағында оның жақындарының бәрі отыр. Олардың бұл істі Атамбаевсыз істеуі мүмкін емес. Әзірге экс-президент қол сұқпаушылық құқығын пайдаланып жүр. Бірақ Парламентте бұл мәселені талқылап жатыр. Атамбаев Қырғызстанға өте үлкен зиян тигізген адам»,- деп жауап беріпті.

«Жауларым мен үшін жақсы кезеңнің басталып жатқанын біліп, маған қарсы ақпараттық соғыс ашуы мүмкін. Жақында бір ақпарат құралы тіпті мені жерлеп те қойды. Атамбаевтың кезінде мен Қырғызстанға қайтыс болған бауырларымды жерлеуге де келе алмадым. Мені ашық түрде қорқытты. Ал Жээнбековтің командасынан мен ешқандай жамандық көріп тұрғаным жоқ. Олардың маған деген ниеттері түзу», - депті Ақаев сұхбатының соңында.  

Дереккөз: "Рейтинг" газеті

Бакиевтің Шымкенттегі бизнесі
Кореяда қанша «Айка» жүр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу