Министр көпбалалы отбасылардың қорасындағы малын кім есептейтінін айтты
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде, бір үйде тұратын бірнеше отбасының жиынтық табысы бөлек емес, бірге есептеледі. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Сенат депутаты жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысқа қатысты мәселені көтерді.
"Осының төңірегінде әңгіме көп. Егер сиыры болса, ол сиырды бағу бар, бейнеті көп. Жеке шаруашылықты кіріс көзі деп есептеген кезде, бұл мәселелер ескеріле ме, қандай да бір өзгерістер бола ма?", - деп сұрады Еңсегенов.
Еңбек министрі жиынтық табысты есептеген кезде, қорадағы малды ескеріп-ескермеу жергілікті биліктің құзырына берілгенін атап өтті.
"Қосалқы шаруашылықтарды ескеріп-ескермеу былтырдан бастап, заңға сәйкес, жергілікті биліктің құзырына берілген. Оны солар шешеді", - деді Сапарбаев.