Ким Чен Ын саяси сахнада қайта көріне бастады

Oinet.kz 02-05-2020 1453

КХДР басшысы Ким Чен Ын 20 күннен соң көпшілік алдына қайта шықты. Солтүстіккореялық БАҚ 36 жастағы мемлекет басшысы түсірілген бейнероликті жариялады. Бұл туралы ВВС хабарлайды. 

image.png

Мәлеметттерге сүйенсек, кадрлар Ким Чен Ын Сунчхон қаласындағы тыңайтқыштар өндіретін зауыттың ашылуына қатысқан сәтте түсірілген. 

image.png

Еске сала кетейік, Ким Чен Ын көпшілік ортада 12 сәуірден бері көрінбеген болатын. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары КХДР басшысы жүрегіне күрделі ота жасатып, ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын. Алайда ел билігі бұл мәліметті жоққа шығарған еді. Сеулде билік өкілдері оларға КХДР-дан 36 жастағы ел басшысы ауыр науқас екені жайлы еш мәлімет келмегенін атап өткен болатын.

Мақтааралда тұрғындарды жаппай көшіріп жатыр
Шөкеев мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу