Қызылордада коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

Oinet.kz 10-04-2020 1381

Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған жүкті әйел босанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

news_full1586483616fecb0416226df5dfef470ef9ac6226c6.jpg

"Жүкті әйел 8 сәуірде жүктілік мерзімі жетіліп, ЖРВИ белгілерімен провизорлық перзентханаға (оқшауланған ғимаратқа) түсті. Бақылау барысында дене температурасы 38,1 градусқа дейін көтерілді. Коронавирустық инфекцияға тексерілді, талдау оң болды... Толғақбасталды. Босану асқынусыз өтті. Жаңа туған нәресте кювезге салынған: салмағы 2970 грамм, өсуі 51 сантиметр. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, COVID-19-ға талдау алынды", - деп жазды денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазір босанған әйел COVID-19 бойынша емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылды.

"Кезекші бригада медициналық көмек көрсету кезінде күшейтілген қорғаныс құралдарын пайдаланып, кезекшіліктен кейін бірден екі апталық үй карантиніне жіберілді. Бұл біздің күнделікті еңбек ерліктерін орындаған заманымыздың қаһармандары", - деп жазды Ақтаева.

Вице-министр Қызылорда облыстық перинаталды орталығының кезекші құрамы қызметкерлерінің есімдерін атады: акушер-гинеколог Ақбота Қонкабаева, акушер Әйгерім Еңсебаева, неонатолог Меруерт Аққайырова және балалар медбикесі Айгүл Тұрғанбаева.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 800-ден асты
Тоқаев ТЖ режимінің созылу себебін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу