COVID-19 вирусын жұқтырудан сескенген саясаткерлер аяқпен сәлемдесті

Oinet.kz 05-03-2020 1185

Бүкіл әлемге лезде жайылып келе жатан коронавирусты жұқтырып алудан қорыққан саясаткерлер бүгінде қолмен емес, "аяқпен" амандасуға көшкен деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

1dec5bf7-4924-4a39-8730-c8bbd420a32e.jpg

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымдарының бас хатшысы Мохаммед Баркиндо Ресейдің Энергетика министрі Александр Новакпен, ресейлік делегация мүшелерімен ерекше әдіс - аяқ арқылы сәлемдескен. Баркиндоның амандасқан сәті МЭЕҰ-ның Twitter желісіндегі парақшасында жарияланған. Амандасудың мұндай жаңа түрі коронавирустың кең таралуынан соң пайда болған. Өйткені вирус жұқтырғандар арасында саясаткерлер де жетерлік. Министр тіпті, жақында ел канцлері Ангела Меркельмен де қол алыспай қойған еді.

Одан бөлек, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов қол алысып амандасудан бас тартып, қазақтың көнеден қалған дәстүрі "иіліп сәлем беруді" қайта жандандыруды ұсынған болатын.

Әлемде 93 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды
Біртанов: »Менің де балаларым мектепке барып жүр, ешқандай қауіп жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу