Ресейлік кәсіпкер Қазақстан әуежайларының бірін сатып алмақ

Oinet.kz 21-02-2020

Ресейлік олигарх қазақстандық әуежайлардың бірін сатып алуды жоспарлап отыр. Инженер, әрі кәсіпкер Виктор Вексельберг бұл жоспарының ішіне Өзбекстан әуежайын да енгізген, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

1200px-Aktau_Airport.jpg

Аталған басылымның мәліметінше, олигарх Виктору Вексельбергке тиесілі "Аймақ әуежайлары" холдингі Қазақстан мен Өзбекстанда әуежайлар сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

- Ресейліктер әсіресе қазір түрік инвесторлары иеленіп отырған мұнайлы өлке Ақтау қаласындағы халықаралық әуежайды сатып алғысы келіп отыр.  Ал Өзбекстан бойынша мүмкіндіктер қазір қарастырылып жатыр, - деп жазды басылым.

"Новапорт" атты тағы бір ресейлік холдинг Өзбекстандағы Самарқанд, Наманган және Үргенші қалаларындағы әуежайды басқаруына алғысы келетінін білдірген.

Украинада қытайлықтар мінген автобусқа тұрғындар тас атты
Алматыда 8 сынып оқушысы жоғалып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу