888 мың теңге қаржы жымқырған басшы құрықталды

Oinet.kz 13-02-2020 1077

Мемлекет бюджетінен 888 мың теңге қаржы жымқырды деген күдікпен Ақмола облысы, Есіл ауданындағы мәдениет үйінің директоры құрықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

11429371.jpg

"Ол бюджет қаржысынан 888 мың теңгені мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында іс жүзінде жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін күдікке ілінді", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 12 ақпанда Есіл аудандық сотының шешімімен кінәлі деп танылып, төменгі қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте лауазымды орындарға тағайындалуға тыйым салынған. 

Халық санағы бір жылға шегерілді
«Спецназ» Сапарбаев жамбылдықтарды жұдырықша жұмылдыра ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу