Парақорлық бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері көш бастап тұр
Парақорлық көрсеткіші бойынша Нұр-сұлтан қаласының полицейлері көш бастап тұр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова ІІМ-нің қай өңірлердегі департаменттері сотты болғанын айтып берді.
"Нұр-Сұлтанда - 42 қызметкер, Алматыда - 26, Шымкентте - 23, Жамбыл облысында - 19 қызметкер", - деді Анар Жарова Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.
"Тергеушілер ережебұзушыны қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін, ал учаскелік инспекторлар осыған дейін сотты болғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартап, пробациялық бақылауды жеңілдеткені үшін сотталса, жол-патрульдік қызметтің инспекторлары жол ережесін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін сотталды", - деді Анар Жарова.