Асқар Мырзахметов: «Өз еркіммен отставкаға кетуге өтініш жаздым»
Жамбыл облысының активінің алдында сөз алған Асқар Мырзахметов өңірді дамыту жолында бірігіп жұмыс жасаған барлық әріптестеріне алғыс айтып, басталған жұмыстар жалғасын таба беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы baq.kz-ке сілтеме беріп.
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Жасұлан Әбдіхалық фейсбук-парақшасында жариялады.
Өкінішке орай Қордай ауданында қайғылы жағдай орын алды, 10 азамат қаза болып, 170-тен астам адам жарақаттанды. Бұл тек жамбылдықтарға ғана емес, барша қазақстандыққа оңай тимеді. Осы тұрғыда мен облыс әкімі ретінде жұмысты жалғастыру моральдік тұрғыда ауыр деп есептедім. Сондықтан президентке өз еркіммен отставкаға кету туралы өтініш жаздым. Шешімімді қабылдаған Мемлекет басшысына рахмет, – деді А.Мырзахметов.
Сондай-ақ оқыңыз:
Жамбыл облысының қазіргі әкімі Бердібек Сапарбаев өзіне сенім артқан Елбасы мен Мемлекет басшысына алғысын білдірді, Асқар Исабекұлының іскерлігіне тоқталып, өңірде қолға алынған іргелі істер мен жарқын жобалар жалғаса беретінін айтты.