Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Oinet.kz 10-02-2020 1114

Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. 

Бағдат Мәнізоров. © vecher.kz

"Бүгін, 10 ақпанда аппарат кеңесі барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оның орынбасары Бағдат Мәнізоров өз еркімен қызметінен босатылғанын мәлімдеді", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Мәнізоров 1962 жылы Талдықорған облысы Куйбышев ауылында туған. 

Еңбек жолын 1985 жылы кооперация органдарында бастаған, Қазтұтынуодағы басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 1992-1999 жылдары "Шаған" сауда үйінің президенті болған.

1999-2001 жылдар арасында - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің орынбасары, 2001-2004 жылдары - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімі. Ал 2004-2008 жылдар арасындағы "Айсер" ЖШС бас директоры қызметінде болған. 

2008 бен 2017 жылдарда Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі лауазымын атқарған. 

2019 жылы шілдеде Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Алайда қыркүйекте оның ұсталғаны туралы мәлімет шықты. Ол қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 

Әріптестері оның адал қызметкер және сауатты басшы екенін айтқан. 

Осы оқиғадан соң Мәнізоров алдымен ақысыз демалысқа, кейін денсаулық жағдайына байланысты демалысқа кеткен болатын. 

2019 жылы қазанда шенеуніктен барлық айып алынды. Кейін ол жұмысқа қайта қосылған

Қазақстанда саяси партия құру және тіркеу жеңілдетіледі
Қазақстанда орташа жалақы көлемі - 204 мың теңге
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу