Тоқаев Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады

Oinet.kz 25-01-2020 969

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады.

Мұрат Әйтенов.jpg

Мұрат Дүйсенбекұлы Президентке Шымкенттің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы туралы баяндап, аймақты одан әрі өркендету жоспарымен таныстырды.

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен мүмкіндіктері айтылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл елдегі айтулы даталар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен ұлы ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өтетін шараларға да тоқталып,   Шымкенттің ТМД елдерінің мәдени астанасы ретіндегі жауапкершілігін атап өтті.

Сонымен қатар,  мемлекет басшысы әкімге Үшінші Мегаполистың әлеуетін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Этникалық қазақ Ресейде бас ревизор сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу