Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Oinet.kz 25-01-2020 1013

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ  сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz.

ЖЕР СІЛКІНІСІ.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Элазығ провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан табиғи апат кезінде қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығуын тілеймін, – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Түркияның шығысында болған күшті жер сілкінісінен кем дегенде 18 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш Президенті Түркияның Элазиг және Малатия провинцияларында болған қатты жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар туралы хабарды қайғырa қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Республика президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.

Тоқаев: «Мемлекет мүддесі жолында еңбек етуге тиіспіз»
Тоқаев Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу