Тоқаев: «Мемлекет мүддесі жолында еңбек етуге тиіспіз»

Oinet.kz 25-01-2020 875

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар әкімдерді қабылдады. Бұл туралы Oinet.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаев.jpg

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловты, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады.

Әкімдер Президентке өңірлердің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары туралы баяндап, аймақтарды одан әрі өркендету жоспарымен таныстырды.

Мемлекет басшысы әр әкімге өз өңірлері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ақорда" резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.

Кеңес барасында президент облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына өңірлерді дамытудың өзекті мәселелерін жедел шешу жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

"Ел экономикасын дамытудың негізгі міндеті – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және ішкі тұрақтылықты сақтау. Сондықтан бәріміз мемлекет мүддесі жолында  еңбек етуге тиіспіз", – деді мемлекет басшысы.

Коронавирустық инфекция Қазақстанға да жетті ме?
Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу