Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Үкімет басшысы Асқар Мамин президентке 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын баяндады.
"Жалпы ел экономикасы тұрақты даму жолында. 2019 жылы ЖІӨ өсімі 4,5 процентті құрады. Оның 85%-і шикізаттық емес салалар есебінен қамтамасыз етілді. Экономика өсімінің қозғаушы күштері, негізінен құрылыс, сауда, байланыс, көлік салалары болды", - деді премьер-министр Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айтуынша, инфляция жоспарлы 4-6 процент шегінде, яғни 5,4 процент деңгейінде болған.
"Халықтың нақты табысы 5,5%-ке өсті. 2019 жылы 2,7 миллион азаматтың жалақысы артты. Оған ең төменгі жалақыны ұлғайту шаралары негіз болды. Бұл бизнес тарапынан үлкен қолдау тапты", - деді ол.
Маминнің айтуынща, еңбек нарығы да тұрақты. Жұмысссыздық деңгейі 4,8 процентті құраған. Былтыр 423 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның 280 мыңға жуығы – тұрақты жұмыс орындары.
"Трансферттерді қоспағанда, мемлекеттік бюджет кірістері 9 триллион 688 миллиард теңге немесе жоспар 101,2%-ке орындалды. Бұл 2018 жылғы кірістерден 1,5 триллион теңгеге көп. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 14 триллион 180 миллиард теңге немесе жоспар 99,7%-ке орындалды", - деді Мамин.
Сыртқы сауда айналымы 97 миллиард долларға дейін өсті, оның ішінде экспорт 60 миллиард доллар, импорт 37 миллиард доллар.