Тоқаев президенттік өкілеттігінің алғашқы жылына «бес» деген баға берді
Тоқаевтың президентігінің алғашқы жылы экономикалық өсім 4,5 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім еткен.
«Бүгін Үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Күнтәртібінде бірқатар өзекті мәселе бар. Алдымен, өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін қарастырамыз. Жалпы, былтыр жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,5 пайыз болды. Экономиканың негізгі салаларында өсу қарқыны байқалды. Бұл көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмыс сапасына оң ықпал етеді. Сайлауалды тұғырнамада айтылған міндеттерді орындауымыз керек», - деді отырысты ашқан Мемлекет басшысы. Президенттің атап өтуінше, бұл елімізді орнықты дамуына, халықымыздың әл-ауқатын арттыруға зор серпін береді. «Қазір осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарды талқылаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.