Төлешовтен қалған Фосфоршылар сарайы 1,66 миллиард теңгеге сатылады

Oinet.kz 24-01-2020 880


 3e9fa6614f74af314d10f15a55270d93.jpg

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің қалған мүлкі электронды саудаға қойылды. Аукцион туралы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сауда алаңында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, барлық төрт жылжымайтын мүлік нысаны бір пакетпен сатуға шығарылған. Олардың жалпы бастапқы бағасы – 1 миллиард 204 миллион 708 мың 423,00 теңге. Аукцион 2020 жылдың 6 ақпанына жоспарланған және бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.

Сонымен бірге саудаға шығарылған нысандардың ілеспе құжаттарында Фосфоршылар мәдениет сарайы 1 миллиард 66 миллион теңгеге бағаланғаны көрсетілген. Бірақ, оның жағдайы «қанағаттанарлықсыз». Сатуға ұсынылған өндірістік (тұрғын емес) ғимарат пен екі тұрғын үйдің біреуінің жағдайы жақсы (ғимарат 63 миллион 299 мың теңгеге, бассейні бар екі деңгейлі тұрғын үй 62 миллион 315 мың теңгеге бағаланды).

Төртінші нысан – аумағы 59,9 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға жарамсыз. Дегенмен, ол 12 миллион 930 мың теңгеге бағаланды.
Айта кетері, Фосфоршылар мәдениет сарайы Шымкенттегі ең үлкн мәдени нысандардың бірі саналатын. Тоқсаныншы жылдары мәдениет сарайының Төлешовтың иелігіндегі  сыра зауытының меншігіне қалай өтіп кеткені белгісіз. Бір кездері сахнасы әртістерден үзілмеген, айналасында үлкен жері бар ғимараттың басынан бақ тайды. Қазіргі уақытта нысан қаңырап, ал ішкі жағы талқандалып кеткен. Халықты рухани байлықпен сусындатып келген ғимарат қаңғыбастардың мекеніне айналған.   


Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Тоқаев президенттік өкілеттігінің алғашқы жылына «бес» деген баға берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу