Путин отставкаға кетуі мүмкін
Жақында Ресей президенті Путин де Назарбаевтың жолын қуып өз еркімен қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік The Bell басылымында жазылды. Басылымның мәліметінше, кейбір белгілі тұлғалар мен ірі компаниялардың өкілдері аталған жағдай туралы пікір білдірген.
Ресейлік саясаттанушы Аббас Галлямов өз ойын жеткізді. Оның пікірінше, Путин ұсынған Конституцияға енгізілген түзетулер "сәндік сипатқа" ие болады, сонымен бірге тұрғындарды негізгі мақсатынан алшақтатады.
Ол президент Мемлекеттік Думаның спикері ретінде отставкаға кетуі мүмкін екенін болжады.
"Саяси технологиялар орталығы" директоры орынбасарының айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің Мемлекеттік Думаның төрағасы ретінде өзіне лауазым тағайындауы екіталай. Ол Путинді кезекпен сөз тыңдайтын немесе Владимир Жириновскийге "сөз беретін" тұлға ретінде елестете алмайтынын білдірді.Ол Путин өткен жылдың басында қызметінен кеткен Елбасының әрекетін қайталағысы келеді деп санайды.
Сондай-ақ, Путиннің президенттік өкілеттілігі аяқталған соң, Ресей басшысының 2024 жылы мемлекеттік кеңесте өз орнын табуы мүмкін екенін де болжады.
Ресей Федерациясы Конституциясының авторларының бірі Георгий Сатаров бұл жағдайға қатысты өз ойын білдірді.
Оның айтуынша, президент қазіргі үкімет жүйесін айтарлықтай өзгерте алатын түзетулерді ұсынған.
Сатаров президент өзін "әдепсіз" ұстайтынын жеткізді. Ол Путиннің өзін бірнеше жылдар бойы отыратын ыңғайлы орындықты табуға ниетті екенін ашық айтатынын білдірді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ресей үкіметінің отставкаға кеткен болатын.