Баласын байлап тастаған анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 10-01-2020 793


 81618208_803918093417214_3932622543281717248_n.jpg

Әлеуметтік желіде бір жарым-екі жас шамасындағы аузы мен қолдары байланған балаға қатысты видео қызу талқыланып жатыр. Бейне көріністерден ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткені, кейінірек әкесінің баласын туысымен бірге көруге келгені байқалады. Аузы шүберекпен байланған, екі қолы таңылған бала теледидар алдында отыр. Бөлме ішінде ұрыс-керіс, айқай-шу болып жатыр. Осыған қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті ресми мәлімет таратты. Онды былай делінген:     

-Әлеуметтік желіде бөлме ішінде байланған баланың көрінісі бейнеленген бейнежазба жариялануда.
Бұл жайт 08.01.2020 жылы Сарыағаш АПБ-не сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Арызда жергілікті тұрғын бұрынғы азаматтық некедегі әйелі 2017 жылы туылған ұлына қысым көрсетуде деп шағымданған.
Сондай-ақ, Сарыағаш АПБ қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалған. Тергеп-тексеру барысында оқиғаның толық мән-жайы мен кінәлі тарап анықталатын болады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.


"Abay parki" қайтадан «Абай саябағы» болды
Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдың 1 наурызынан беріле бастайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу