"Abay parki" қайтадан «Абай саябағы» болды

Oinet.kz 10-01-2020 932

image-09-01-20-12-00-2.jpg

Науқаншылдық дегенді қоя берсеңізші. Науқаншылдыққа келгенде шымкенттік шенеуніктердің өзгелерді шаң қаптырып кететіні рас. Тұңғыш президент қолданыстағы әліпбиді латын графикасына ауыстыру жөнінде бастаманы көтерісімен, Шымкентте маңдайшаларды латын әліпбиімен таңбалаудан жарыс басталды. Бұған мемлекетке қарасты мекемелердің де араласып кеткені өкінішті-ақ.  Енді міне, асығыстықтың ақыры опық жегізіп, дәлірегі қыруар қаржыны рәсуа етіп жатыр.

Латын графикасы туралы мәселе көтерілісімен қаладағы Абай саябағына кіре берістегі жазу "Abay parki" деп ауыстырылған еді. Енді міне, әкімдік жуырда оны қайтадан бұрынғы қалпына келтіруге мәжбүр болған. informburo.kz сайтының жазуынша, әкімдіктегілер бұл қадамның қателік болғанын мойындаған.

-Қадағалаушы органдардың тапсырмасы бойынша біз маңдайшадағы жазуды латын әліпбиінен кириллицаға ауыстырдық. Енді ол «Абай саябағы» деп жазылды. Осы жұмыстарға 505 мың теңге қаржы жұмсалды,-депті қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Ерубай Құралбаев.  

«Абай саябағы» деген жазу осыдан екі жыл бұрын  "Abay parki" деп ауыстырылған болатын. Латын әліпбиі әлі ресми түрде бекітілген жоқ. Осыған қарамастан қалалық әкімдік асығыстыққа барған.  Мұны бір деңіз. Екіншіден, латын графикасындағы жазуда қалыптасып кеткен «саябақ» сөзінің не себепті «парк» болып түскені түсініксіз.

 


Қазақстанда беларусьтық «Белавиа» әуе компаниясының рейстері ашылады
Баласын байлап тастаған анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу