Тәжіксіз қырғызға күн жоқ па?

Oinet.kz 23-01-2014 760

11 қаңтарда қырғыз бен тәжік шекарашылары арасындағы жанжалдан кейін қырғыз-тәжік шекарасы тарс жабылды. Содан бері жиырма күннен астам уақыт өтті. Бұдан ешкім ұтпаған сияқты. Шекараның жабылуы қырғызға да, тәжікке де тиімсіз болып шықты. 

383487d57f30a9d5f687ac9ffd51106d.jpg

Шекара жабылған соң Қырғызстандағы көмір шахталары өз жұмыстарын тоқтатқан. Себебі Қырғызстан көмірдің 90 пайызын Тәжікстанға экспорттайды. Тәжіктердің қыс ауасында  жағарға көмір таппай отырғаны айтпаса да белгілі. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін қазір шекарада контрабанда өршіп тұр. 

Дегенмен шекара жабылса, тәжіктен гөрі қырғызға қиындау болады екен. Себебі шекараға жақын орналасқан қырғыз ауылдарында азық-түлік жетіспеушілігі байқалады. Өйткені шекаралық аудандардағы дүкендерге азық-түлік негізінен Тәжікстанның Хожент қаласынан келеді. Елде көкөніс өнімдерінің бағасы күрт қымбаттаған. Себебі қырғыздарға көкөніс Хожент өңіріндегі жылыжайлардан келеді. 

Ал, шекараның қашан ашылатыны, тәжік пен қырғыз ағайындардың қашанға дейін қиналары белгісіз. 

Кличко президент атанса Украинада не болады?
Мысырда жұмбақ күйде көз жұмған дипломаттың жұбайы президенттен көмек сұрауда (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу