«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері матчқа қатысты сұхбат берді

Oinet.kz 29-11-2019 1040

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Сульшер баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу Сульшер

«Біз ойынды керемет бастадық. Тамаша гол соқтық. Бүгін мұндай кездесуге алғаш шыққан үш ойыншы керемет матч өткізді. Жеңіс үшін бізге уақыт жетпей қалды», - деді Сульшер.

«МЮ» бапкері жарақаттан соң Джесси Лингардтың оралғанына риза екенін жеткізді. Ол көшбасшылық рөлді керемет атқарды деген баға берді.

Сондай-ақ, норвегиялық бапкер Дмитрий Шомко мен астаналық қорғаушылар жоғары деңгейдегі ойын көрсеткенін атап өтті.

«Егер Эрич 17 жаста болса, оны «Манчестер Юнайтедке» шақыру туралы ойланатын едім», - деді "Астана" қақпашысының ойынына баға берген Сульшер.

«Астана» «Манчестер Юнайтедті» 2:1 есебімен ұтты. 

Елімізде тұман басады
Нұр-Сұлтанда «Әбіш әлемі» оқу конгресі өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу