Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда-ға сілтеме жасаған Oinet.kz.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген жарлықта.