Әлемге әйгілі марафоншы тұтқындалды
14-11-2022
Аграрлық-өнеркәсіптік кешендеріне қолайлы бизнес орта қалыптастыру мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша қызметтер көрсету мүмкіндігі беріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады», делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында. Атап айтқанда, ҚР «Астық туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешендері субъектілеріне келесідей қызметтер арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік беріледі:
- жеке меншік нысанындағы темір жол жолдарын өзге субъектілерге пайдалануға беру; жарма өнімдерін сату; майлы дақылдарды өңдеу және сату; астық қалдықтарын сақтау.
«Жаңа заң қабылданғанға дейін астық қабылдау кәсіпорындарына қоймаға жатпайтын қызметтермен айналысуға тыйым салынатын. Енгізілген өзгерістер оларға қосымша табыс табуға мүмкіндік беріп отыр», - делінген хабарламада.