Қатты аязға байланысты бірнеше өңірде сабақтар тоқтатылды

Oinet.kz 21-11-2019 993

Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының мектептерінде аязға байланысты сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайты inform.kz сайтына сілтеме жасап.

аязға байланысты.jpg

«21 қараша ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты аяз) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген елордалық Білім басқармасының хабарламасында. 

Сондай-ақ ШҚО-ның бірнеше ауданы мен қалаларында білім беру процесі тоқтатылды. 

Атап айтқанда, -28-34 аязға байланысты Өскемен қаласында, Алтай, Глубокое, Бесқарағай, Көкпекті, Абай, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз және Жарма аудандарында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарға, сонымен қатар Семей мен Риддер қалаларында бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптарға, Бородулиха, Катонқарағай аудандары мен Курчатов қаласында 1-4 сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылды. 

Ал Қарағанды облысында Бұқар жырау және Осакаров аудандарында, Теміртау қаласында бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар, Абай, Ақтоғай, Нұра, Жаңаарқа аудандарында және Қарағанды, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларында 0-4 сыныптар оқымайды. Бұл өңірде осы уақытта -27-28 градус аяз тұр.

ЭКСПО жайлы шетелдік журналист шулатып жатыр
Мәскеуде қазақстандық Ауған соғысының ардагерлері марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу