Гонконгта оқып жүрген Қазақстандық студенттерді елге қайтаруда

Oinet.kz 19-11-2019 947

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі онда оқып жатқан барлық студентке елге қайтуға, ал қазақстандықтарға шұғыл мәселе тумаса, қалада жағдай тұрақталғанша Гонконгқа бармауға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Гонконг студенттері.jpg

"Гонконгтағы наразылық шараларының ушығуына, соның ішінде университеттер аумағы мен іргелес жатқан аудандарда жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірқатар жоғары оқу орны, оның ішінде қазақстандық студенттер оқитын университеттерде екінші семестрге дейін сабақтарды тоқтату немесе қашықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылданды. Бұл - 2020 жылдың қаңтар айы", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Қазақстанға 118 студент қайтып үлгерді. Алдағы күндері тағы 40-қа жуық қазақстандық студентті алып келу жоспарланған.

"Гонконгта болуға мәжбүр адамдардан барлық қажетті сақтық шараларын қабылдауын сұраймыз. Ақпаратты БАҚ-та және Гонконгтағы Қазақстанның бас консулдығының ресми сайтында алуға болады. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елге уақытылы оралуы мақсатында Air Astana компаниясымен бірлесе отырып, ерте сатып алынған билеттерге ұшу күнін айыппұл мен баға айырмасын төлемей өзгерту мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткіздік. Студенттердің көбі желтоқсанның соңына, демалыс басталар уақытқа билет алып қойған. Қазақстанның бас консулдығы Гонконгтағы қазақстандық студенттер қауымдастығымен бірлесіп студенттерді әуежайға дейін жинау және тасымалдауды ұйымдастырды", - деп хабарлады ресми өкіл.

Соңғы күндері Гонконгтағы наразылықтар қайтадан шиеленісіп кетті, демонстранттар тактикасын өзгертіп, университеттердің ғимаратын қоршайтын болған. Қалада бірнеше күн қатарынан көлікпен жүру қиындады, себебі мыңдаған шеру қатысушысы жолдарды, тоннель мен көпірлерді бұғаттауға көшті.

Гонконг полициясы наразылық білдірушілерге қарсы қару қолданатынын да ескертті. Осы уақыт ішінде полиция 3,6 мыңнан астам адамды ұстады, көшеде алған жарақаттары салдарынан 1,5 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылды, 400-ден астам полицей зардап шекті. Көтеріліс маусым айында басталған. 

Шетелдіктер жиі баратын жерлерде туристік полиция пункттерін орнату жоспарлануда
Қостанай облысында ауыс-түйіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу