Руслан Мамунов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Oinet.kz 15-11-2019 1148

Ақтөбе облысы әкімдігінің орынбасары болып Руслан Мамунов тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz  облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руслан Мамутов.jpg

"39 жастағы Руслан Маратұлы Мамунов Ақмола облысында туған. ҚазТұтынуОдағының экономикалық университетінде, Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алды. Эдинбург қаласындағы Шотландия менеджмент және маркетинг мектебінің экономист, заңгер, МВА корпоративтік басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақмола облысы Ақкөл аудандық Салық комитетінде маман болып бастаған. "ҚазМұнайГаз" АҚ менеджер, бас менеджер, Қоғамның еншілес компанияларында департамент директоры, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс бөлімінің басшысы, "KazSatNet" АҚ келісімшарттар бөлімінің басшысы, "Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы қызметтерін атқарды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Президент Көкшетау қаласына барды
15 қараша - теңгенің айналымға енген күні және Қаржыгерлер мерекесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу