8 жылда ЭКҰ арқылы 2700 бала өмірге келген
Бюджеттік ЭКҰ бағдарламасы арқасында елімізде 2010-2018 жылдар аралығында 2700 бала өмірге келді. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда өтіп жатқан "Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы" XI Халықаралық Конгресте айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Елжан Біртанов жиын барысында елімізде тегін медициналық қызметтен өзге репродуктивтік денсаулық саласы да қолдау тауып отырғанын айтты.
Елімізде репродуктивті денсаулық бойынша ауруды ерте анықтау және оларға алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі. Ана мен бала денсаулығы әрдайым мемлекет назарында. Оларға үшінші және төртінші деңгейлі алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
2 қарашаға дейін жалғасатын бұл шараға еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық орталықтарының жетекшілері және 18 елдің репродуктивті технология саласындағы жетекші мамандары қатысып