Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығыш ұшырылады
1 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясы кезекті зымыран-тасығышты ұшырады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Роскосмос» 2019 жылдың басынан бері ғарыштық мақсаттағы 20 зымыранның және 12 жауынгерлік зымыран кешенінің ұшырылымын жасады. Жыл соңына дейін ғарыштық мақсаттағы – 9 ұшырылымды және жауынгерлік зымырандардың ұшырылымдарын орындауды көздеп отырмыз. Сонда барлығы 40-тан астам (жыл бойы) болады», - деді «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин кеше Циолковский атындағы Ресей ғарыш академиясының отырысында.
Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырған ұшырылымдар статистикасына сүйенсек, 2019 жылы 11 зымыран ғарышқа аттандырылды. Олардың төртеуі - «Протон-М», қалған жетеуі - «Союз».
Жыл соңына дейін Байқоңырдан «Союз-2» зымыран-тасығышының тағы бір ұшырылымы жасалады. Ол орбитаға «Прогресс МС-13» жүк кемесін шығаруы тиіс. Старт 1 желтоқсанға белгіленген.