Владимир Зеленскийдің суреті желіде қызу талқыға түсті

Oinet.kz 01-11-2019 940

image.png

Украина президенті Владимир Зеленскийдің орындықта отырған Альянс бас хатшысы Столтенбергпен түскен суретін желі қолданушылары қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Көптеген Желі қолданушылары украиналық көшбасшыны суретте мұғалімнің алдында тұрған оқушыға немесе клиентке қызмет көрсетіп тұрған даяшыға ұқсатқан.

"Бірінші сынып, төртінші тоқсан", - деп жазды Андрей Пушкарев есімді қолданушы.  "Әзірге журналға екіні қаламмен қоямын!", - деп әзілдеді Ксения Сузина. "Даяшы, борщ бүгін жақсы шығыпты. Сіздердің асханаға жақсы деген баға қоямын", - деп жазды Юрий Барановский. 

Айта кетейік, Столтенберг қазанның 30-31 күндеріУкраинада жұмыс сапарымен болған. Бейсенбіде Киевте НАТО-Украина комиссиясының отырысы өтті. 

Жеңіс Қасымбек: «Қарағандыда тұрғын үй бағасы елордамен бірдей»
Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығыш ұшырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу