Қазақстан бойынша экологиялық жағдайы нашар қала – Теміртау

Oinet.kz 30-10-2019 1149

Картинки по запросу Теміртау

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі ең лас қалаларды атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

"Экологиялық жағдайы нашар қалалардың тізімінде бірінші болып Теміртау тұр. Сондай-ақ, бұл тізімге Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалалары кірді. Теміртау, Өскемен және Қарағанды қалаларының қатты ластануына өнеркәсіптік кәсіпорындар себеп болса, Нұр-Сұлтан мен Алматының ластануына көлік және жеке секторлардың жылыту жүйесі себеп. Ал Ақтөбе мен Атырауда күкіртті сутек мәселесі шешілмей тұр", - деді министр сұхбатында. 

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, бұл проблемаларды шешудің жалғыз жолы жасыл технологияларға көшу, яғни қосымша фильтрлер орнату.


Тараз қаласының сәулеттік келбетін өзгерту үшін Өзбекстаннан мамандар шақыртылып жатыр
Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовке ерекше құрмет көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу